02 тамыз 2017 11:49

Мысырда ұсталған студенттердің бірінің әкесі қазақстандықтардың жағдайы жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысырда ұсталған қазақстандық студенттер жақындарымен байланысқа шықты. Бұл туралы ұсталған студенттердің бірінің әкесі Ардақ Берік Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.


Мысырда ұсталған қазақстандық студенттер жақындарымен байланысқа шықты. Бұл туралы ұсталған студенттердің бірінің әкесі Ардақ Берік Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

"Кешке телефонмен сөйлестік. Консул барлық студентке байланысқа шығуы үшін телефонын берді. 10-15 секундта көп нәрсе айтып үлгермейсің, барлығы туыстарына хабарласып үлгеруі керек. Онымен қоса көп ақша кетеді. Сөйлестік, барлығы жақсы деді. Барлығы дұрыс деп ойлаймын, көңіл-күйлері де жақсы сияқты. Қазіргі уақытта олар бақылауда. Консул мен елші олар елге жеткізілгенге дейін көзден таса қылмайды деп ойлаймын", - дейді  Ардақ Берік.

Оның айтуынша, студенттер Қазақстанда олар үшін қатты уайымдағанымызды біліп отырған сияқты.

"Әрине, бірінші кезекте біздің Сыртқы істер министрлігіне алғыс айтқым келеді. Жақсы жұмыс атқарды, көп алғыс айтамын. Олар расында да жұмыс жасады, біз олармен үнемі байланыста болдық. Тәулік бойы. Олар қолдан келетін және келмейтін де жұмыстарды атқарды. Сондықтан осындай нәтижеге жеттік", - деді студенттің бірінің әкесі.

Сондай-ақ, Ардақ Берік барлық қазақстандықтарға олардың проблемаларына қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтты.

Айта кетейік, бүгін қазақстандық дипломаттардың Мысырда жоғалып кеткен Қазақстанның алты азаматын елге қайтару үшін оларды Каир әуежайына жеткізгені жайлы хабарланған болатын. "1 тамызда кешкі уақытта Мысырдың Ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілдері Қазақстан елшілігімен байланысқа шығып, осыған дейін ұсталған қазақстандықтардың елге қайтарылатынын хабарлады. Қазақстан консулы бірден әуежайға барып, қазақстандықтармен кездесті. Олардың жағдайы жақсы", - деп жазды Әнуар Жайнақов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Осыған дейін Қазақстан Мысырға наразылық нотасын жолдаған болатын. 

Еске салайық, 24 шілдеде қазақстандық алты студенттің Мысырда жоғалып кеткені хабарланған болатын. Кейін студенттерді Мысырдың құқық қорғау органдары ұстап әкеткені белгілі болды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети