05 сәуір 2016 10:15

Науқас балаларға 5,5 миллион теңге аударған қарағандылық жігіт үйіне оралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нияз Сүндеталиев. © facebook Нияз Сүндеталиев. © facebook

Науқас балаларға 5,5 миллион теңге аударған қарағандылық Нияз Сундеталиев үйіне оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Науқас балаларға 5,5 миллион теңге аударған қарағандылық Нияз Сундеталиев үйіне оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сүндеталиев 4 сәуірде 20.00-де отанына оралды. Ол Үндістаннан ұшып келді. Ниязды "Сары арқа" халықаралық әуежайында кездестіріп, оның жағдайын сұрастырған едік. Нияздың айтуынша, жол ұзақ болмаса да, іш пыстырарлық болыпты. Ол өзінің жағдайына уайымдап, қолдау білдірген қазақстандықтарға алғысын айтты. Әуежайда оны туыстары күтіп алды.

"Мен Қазақстанда бірнеше ота жасатамын. Үндістанда маған көмектесті. Бұл денсаулығымның жақсаруына үлкен қадам болды. Онда денемнің ұзақ жатқаннан пайда болған ойықтарын кетіруге көмектесті. Алайда әлі де жағдай оңалар емес. Бірақ көңілім түскен жоқ. Барлығының жақсы боарына сенемін! Маған сенгендеріңізге алғыс білдіремін. "Фортис" емханасына, "Эйр-Астана" компаниясына рақмет. Барлығыңызға рақмет!", - деді Нияз.

Сонымен қатар, ол барлық қажетті ем-дом жоспарлы түрде болатынын және оған ақшаның қажет емес екенін айтты. Ал егер қажет болса, бір жақсылықтың боларына сенеді екен.

Еске салайық, жігіт ойда жоқ жағдайда жарақат алған. Ол үйінің терезесін жауып жатып, төртінші қабаттағы пәтерінің терезесінен құлап кеткен. Тірі қалса да, дәрігерлер Ниязға ауыр диагноз қойды: мойын омыртқасының сынуы және жұлынының ажырауы. Жігіттің сынған омыртқасының орнына дәрігерлер имплантат қойып берді. Содан бері ол дәрігерлердің әрдайым бақылауында. Осы уақыт бойы ол әлеуметтік желілерде жеке блогын жүргізіп, ойларын айтып, көмектескендерге алғыс айтады. Бүкіл ел оған ақша жинап берді. Бірақ Нияз бес жарым миллион теңге қаражатты шұғыл көмекке зәру балалардың еміне аударды. Бұл ісін білгендер Үндістанда қайта қалпына келу курсынан өтуге ұсыныс жасады. Қазіргі уақытта оның жағдайы түзеліп келеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.93   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети