03 сәуір 2020 17:42

Науқастармен байланыста болған дәрігерлер үйлеріне қайтқысы келмейді - министр

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото: Tengrinews.kz фото: Tengrinews.kz

Карантин жарияланған ұйымдарда жұмыс істейтін медициналық қызметкерлер үйлеріне қайтқысы келмей отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Карантин жарияланған ұйымдарда жұмыс істейтін медициналық қызметкерлер үйлеріне қайтқысы келмей отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекеттік комисиия - карантин жарияланған ұйымдарда жұмысқа жұмылған медициналық қызметкерлерді эпидемиологиялық, санитарлық стандарттарға сай стационарларға карантинге жатқызу туралы шешім қабылдады. Бұл дегеніміз науқастармен байланыста болған дәрігерлердің барлығы сол стационарда болуы тиіс деген сөз. Облыс әкімдері оларды жатақханамен қамтамасыз етуі керек. Олардың транспортпен, тамақпен қамтамасыз етуі қажет. Жағдай жасалуы керек. Біз дәрігерлер қауіптенгендіктен үйлеріне қайтқысы келмейтінін түсінеміз", - дейді министр.

Еске салайық, мұның алдында 28 медициналық қызметкердің коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді. Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 453-ке жетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети