14 наурыз 2014 17:29

Наурыз мейрамы биыл Шығыста жеті күн тойланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл облыс басшылығының бастамасымен Шығыс Қазақстанда Ұлыстың ұлы мерекесі – Наурыз жеті күн бойы тойланатын болды. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Өскемендегі ақпараттық орталықта өткен баспасөз мәслихатында Ернұр Бурахан мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Ежелгі салт-дәстүр бойынша Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар жеті күн бұрын, 16 наурыздан бастау алады. Ең бастысы, әр күннің өз ұраны, іс-шараларды өткізуге арналған арнайы тақырыбы болады. Мәселен, бірінші күн "Өніс" (табиғаттың оянуы, 16 наурыз) деп аталады. Бұл күні жас босанған аналар құттықталады, аузы дуалы, тілегі таза үлкендер аналар босанатын үйлерге барып, дүние есігін жаңа ашқан сәбилерге бата береді, сонымен қатар, сәбилердің туу туралы куәліктері табысталатын болады. Бұған қоса озат ауыл еңбеккерлеріне әр түрлі құрмет көрсетілетін болады", - дейді Ернұр Бурахан. Ал екінші күнге (17 наурыз) белгіленген "Қамқорлық" атты шара барысында өңірдегі соғыс және еңбек ардагерлеріне, қарт адамдарға құрмет көрсетілсе, үшінші күні ("Тазалық" күні, 18 наурыз) облыстың барлық аумағында сенбіліктер ұйымдастырылып, мекемелер мен ұйымдар аумақтарын тазартатын болады. "Ынтымақ" ("Бірлестік күні", 19 наурыз) деген атаумен өтетін төртінші күні барлық жерлерде алтыбақан орнатылып, түрлі концерттер, байқаулар, басқа да өнер сайыстары өткізілетін болады. Бесінші күні ("Ырыс", 20 наурыз) ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі мен мерекелік концерттер ұйымдастырылса, "Шаттық" деп аталатын алтыншы күні ("Көңіл көтеру күні", 21 наурыз) мәдени-бұқаралық іс-шаралармен қатар, ән және би байқаулары, айтыс ақындарымен және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесулер өткізіледі. Ал қас қарая жастарға арналып "Алтыбақан", "Айқыш-ұйқыш", "Ақсерек-Көксерек", "Алқақотан" ойындары ұйымдастырылатын болады. Ал алдағы әр атаулы күннің жиынтығындай болатын жетінші күн – 22 наурызда – "Ұлыстың ұлы күні" мейрамы қанатын кеңге жайып, барлық қызығымен сән-салтанат құратын болады. Бұл күні Өскеменде ең әдемі киіз үйлер арасында сайыс өткізіліп, көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан, теңге алу секілді ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети