28 шілде 2014 22:36

Найзағай астындағы селфи YouTube-та хитқа айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

YouTube сайтынан кадр YouTube сайтынан кадр

Мексикада жас жұбайлар найзағаймен жағаласып селфи жасамақшы болғанда өздерін найзағай соға жаздаған.  Бейжазбаға түскен қауіпті сәт YouTube-та хитқа айналды, деп хабарлайды  "Вести.Ru".


Мексикада жас жұбайлар найзағаймен жағаласып селфи жасамақшы болғанда өздерін найзағай соға жаздаған.  Бейжазбаға түскен қауіпті сәт YouTube-та хитқа айналды, деп хабарлайды  "Вести.Ru".

Бейнежазбада мексикалық жігіт қасындағы қызбен бірге судан шығып селфи жасамақшы болғаны көрінеді. Олар камераның объективін сүртіп дайындала бергенде аспан жарқ ете қалады да күннің қатты күркірегені естіледі. 

YouTube-тағы бейнежазбаға пікір жазушылардың бір тобы  қыз бен жігіттің аман қалғандарын айтып, пікір білдірсе, енді біреулері бұл әдейі жасалған жасанды бейнежазба екендігін айтуда. Олардың айтуынша егер найзағай жақын маңға түсетін болса, селфи жасамақ болған қыз бен жігіттің аман қалуы екіталай еді. Қалай болғанда да найзағайлы күні түсірілген селфи сәтті шықты деуге болады. Өйткені бір аптаға жетер-жетпес уақытта осы бейнежазбаны 1,8 миллион адам көрген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети