05 мамыр 2014 13:54

Назарбаев 7 мамыр күнгі әскери шеруге қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев. ©Tengrinews.kz ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев. ©Tengrinews.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 7 мамыр күні әскери парадқа қатысады. Бұл туралы Тengrinews.kz ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 7 мамыр күні әскери парадқа қатысады. Бұл туралы Тengrinews.kz ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президенттің қатысуымен өтетін алдағы оқиғалар жөніндегі хабарламада 7 мамырда Астанада болатын Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеру аталады. Сонымен бірге, "6 мамырда Ақордада мемлекеттік марапаттар тапсыру, сондай-ақ жоғары әскери және арнаулы атақтар беру рәсімдері өтеді. 9 мамырда Мемлекет басшысының Жеңіс күнін мерекелеуге орайластырылған іс-шараларға қатысуы жоспарланған", - делінген Ақорданың баспасөз ақпаратында.

Бұған дейін Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеруге 2000-ға жуық әскери қызметші, оның ішінде, Қарулы Күштердің жеке құрамынан 1500 адам қатысатыны хабарланған еді. Механикаландырылған колонна болып 250-ге жуық әскери техника мен жеке құрамның 600-ге жуық өкілі өтеді. Парадқа 56 ұшу аппараты да жұмылдырылады. 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети