29 қаңтар 2016 12:43

Назарбаев Forbes тізіміндегі қазақстандық байларды елге қызмет етуге шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев Forbes тізіміндегі қазақстандық миллиардерлер мен миллионерлерді елге қызмет етуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс съезі өтіп жатыр.


Нұрсұлтан Назарбаев Forbes тізіміндегі қазақстандық миллиардерлер мен миллионерлерді елге қызмет етуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс съезі өтіп жатыр.

"Қазақстан бизнесті дамыту үшін өте жақсы жағдай жасады. Біз миллиардерлерді, миллионерлерді өсірдік. Forbes-та барлығы жақсы киінген, керемет болып көрінеді. Дегенмен осы ақшаларды табуға бізге еліміз, мемлекетіміз көмектесті. Сондықтан да ақшаларыңды осында әкеліңдер", - деді Елбасы.

Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстанда мүлікті заңдастыру жүріп жатқанын тағы да еске салды.

"Ақшаңды осында әкелсең, біз сені кешіреміз... Алғашқы жекешелендіру, алғашқы қаражатты жинау ешқашан таза болған емес. Барлық елде осылай болды. Сондықтан да біз мұны кешіреміз. Қазір салық та алмаймыз. Шетелде үйің болса, оны заңдастыр. Кейін оны іздеп жүрмеуіміз үшін бұл туралы білуіміз керек", - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев барлық кәсіподақтарды Қазақстандағы нысандарды жекешелендіруге шақырды.

"Осы нысандарды алып, одан да көп ақша табыңыздар. Себебі Қазақстанда жұмыс істеу арқылы сіздер қазақстандықтарға жұмыс бересіздер, Қазақстан өнеркәсібін дамытасыздар. Халқың жақсы болса, ел де тұрақты болады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети