21 қазан 2014 16:52

Назарбаев Total президентінің отбасына көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кристоф де Маржери. ©REUTERS Кристоф де Маржери. ©REUTERS

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Total компаниясының президенті Кристоф де Маржеридің қаза болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтты, - деп хабарлайды Ақорда. 


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Total компаниясының президенті Кристоф де Маржеридің қаза болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтты, - деп хабарлайды Ақорда. 

Жеделхатта Нұрсұлтан Назарбаевтың Кристоф де Маржеридің Мәскеудегі "Внуково" әуежайындағы ұшақ апатынан қаза тапқаны туралы хабарды күйзеле қабылдағаны айтылған.

"Кристоф де Маржери кәсіпқой маман және беделді басшы болатын, Қазақстан мен Францияның достық қарым-қатынастарын нығайтуға және еліміздегі энергетика секторын дамытуға зор үлес қосқан ірі тұлға еді", – деп атап өткен Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, Total француз энергетикалық концернінің президенті Кристоф де Маржери Мәскеудің "Внуково" әуежайындағы ұшақ апаты кезінде қайтыс болған еді. Falcon жеңіл моторлы ұшағы 21 қазанға қараған түні апатқа ұшырады. Төрт адам қайтыс болды. Ұшақ апатына оның ұшу жолағында қар тазалаушы машинамен соқтығысуы себеп деген жорамал айтылды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Внуково" әуежайының жұмысы біршама уақытқа тоқтатылып, қазір қалпына келтірілді. 

Total басшысымен бірге экипаж мүшелері Рассья Перафорья Максим Жан Мари, Фалюк Руслана және Пикан Яннь Жак Жозеф те қаза тапты. Әуежайдың баспасөз қызметі Мәскеу - Париж рейсін орындаған ұшақтың бортында бір ғана жолаушы - Франция азаматы бар екенін хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети