26 сәуір 2017 16:51

Назарбаев Абаевқа телефон ұрлығын қалай тоқтатуға болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевқа Қазақстанда ұялы телефон ұрлығын қалай тоқтатуға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевқа Қазақстанда ұялы телефон ұрлығын қалай тоқтатуға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Айтпақшы, қазір көбінде телефон ұрланады. Дәурен Абаев, осындасың ба? Ақпарат министрі. Ұсақ ұрлықтың көбі - ұялы телефон ұрлау. Неге екенін білесің бе? Себебі телефон нөмірін алып тастайды, сондықтан таба алмайсың. Ал идентификацияласа, жеке телефон нөмірін тіркеп қойса, ешкім ештеңе ұрламайтын болады, себебі оған чип берілмейді. "Бұл сенің телефоның емес, бұл Сидоровтың телефоны" дейтін болады. Қарапайым нәрсе", - деді Қазақстан Президенті. 

"Мен айтпай-ақ осыны жасауға болады ғой, солай ма? Қарапайым нәрсе. (...) Осы дұрыс, себебі түрмеден ешкім жақсы боп шықпайды. Бұл адамды тәрбиелейтін орын емес. Алдын алған дұрыс", - деді Назарбаев. 

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы ассамблеясының XXV сессиясы өтіп жатыр. Күн тәртібінде: "Тұрақтылық, бірлік, келісім - жаңғырту негізі". Cессияға барлық өңірдегі ассамблея ардагерлері мен мүшелері, республикалық және өңірлік этно-мәдени қауымдастықтардың төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың басшылары, саяси партиялардың мүшелері, діни ұйымдардың өкілдері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысып жатыр.

Сондай-ақ, Назарбаев осыған дейін қоғамдық сана қалай өзгеретінін айтып берген болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети