26 қыркүйек 2015 23:51

Назарбаев АҚШ-қа барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мунның шақыруымен АҚШ-қа барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мунның шақыруымен АҚШ-қа барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазақстан Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының 70-сессиясына қатысу үшін Нью-Йорк қаласына келді", - делінген хабарламада. ҚР Президенті Бас ассамблеяның жалпы дебатында баяндама жасап, БҰҰ мыңжылдық даму мақсаттарын жүзеге асыру және орнықты дамудың 2030 жылға дейінгі мақсаттарын қарастыру жөніндегі саммитке, сондай-ақ зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизммен күрес жөніндегі саммитке қатысады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Бас ассамблея аясында бірқатар мемлекеттер мен үкіметтер басшыларымен келіссөздер жүргізу көзделіп отыр. Американың JP Morgan, Guggenheim, Chevron, Microsoft және басқа ірі компаниялары өкілдерімен кездесу өткізу де жоспарланған. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети