23 маусым 2014 18:39

Назарбаев Ақтөбеде тұрғын үй алабы жобасын сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Нұр-Ақтөбе" тұрғын үй алабының макеті. ©Skyscrapercity.com "Нұр-Ақтөбе" тұрғын үй алабының макеті. ©Skyscrapercity.com

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбедегі жаңа тұрғын үй кешені құрылысының жобасын сынға алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбедегі жаңа тұрғын үй кешені құрылысының жобасын сынға алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент "Нұр Ақтөбе" тұрғын үй алабында болып, салынып жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты, кешеннің макетін көрді. Ол құрылыс жобасын сынға алып, оны заманауи архитектуралық талаптарға сәйкестендіру қажеттігін айтты.

"Сіздерге осындай ауқымды тұрғын үй алабын салудың бірегей мүмкіндігі туып отыр, сондықтан бұл міндетке барлық жауапкершілікпен қараған жөн. Архитектуралық әралуандықты қамтамасыз етіп, ең жоғары стандарттарды ескеру керек", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Нұр-Ақтөбе" тұрғын үй алабы жобасына 250 адамға есептелген бес шағын аудан кіреді. Құрылыс жұмыстары 2012 жылы басталып, 2013 жылы жалпы ауданы 78 мың шаршы метр болатын 1224 пәтер пайдалануға берілді. Биыл 972 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Ақтөбеге жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы жаңа ферроқорытпа зауытын салтанатты жағдайда іске қосқан болатын. Сонымен бірге, ол "Дәру" клиникасының қызметімен танысты. Назарбаев медициналық орталық пациенттерімен кездесіп, оларға мықты денсаулық тіледі. Елбасымен кездескен пациенттердің арасында 93 жастағы кейуана да болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети