09 тамыз 2015 15:51

Назарбаев Алматы қаласының дамуының негізгі бағыттарын атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. © Vesti.kz Нұрсұлтан Назарбаев. © Vesti.kz

Мемлекет басшысы Алматы қаласының дамуының негізгі бағыттарын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Алматы қаласының дамуының негізгі бағыттарын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елбасының айтуынша, бірінші кезекте, қаланың ғылыми және кадрлық әлеуетін, оның инвестициялық тартымдылығын пайдалана отырып, инвестиция тарту және жаңа өндіріс орындарын ашу жұмыстарын жандандыру керек. Сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдау жұмыстарын мүлде жаңа деңгейге шығару қажет болады. "Алматы ежелден кәсіпкерліктің орталығы болып саналады, сондықтан экономика үшін күрделі кезеңде бизнестің белсенділігін төмендетпей, керісінше ұлғайту үшін мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын қабылдау керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті 2017 жылғы Универсиаданы жоғары деңгейде өткізуді және салынған барлық нысандардың ол өткеннен кейін тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, көлік инфрақұрылымы жетілдіруді қажет етеді, ал онымен экологиялық ахуал да байланысты. "Қалада кептелістер мен көлік тұрақтары мәселесі әлі күнге түбегейлі шешілген жоқ. Жол тораптары салынды, метро іске қосылды, қоғамдық көлікті газға көшіру жүріп жатыр. Мұның бәрі ахуалды айтарлықтай жақсартуға көмектеседі, бұл жұмыстарды жалғастыру керек", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті тағы бір маңызды бағыт ретінде қаладағы қылмыстық ахуалды жақсарту мәселесін айтты. "Біз Алматыда туризмді дамытуға ниеттіміз, сондықтан қала қауіпсіз әрі өмір сүру үшін жайлы болуы тиіс", - деді Елбасы. Сондай-ақ Мемлекет басшысы студенттік орталық болып саналатын мегаполисте ғылым мен білімді одан әрі дамытудың, жастарды жұмысқа орналастыру мәселесін шешудің маңыздылығын айтты.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев ел экономикасындағы күрделі ахуалды еңсеру және оның әрі қарай жүйелі дамуы көп жағдайда Алматының табысты дамуымен байланысты екеніне назар аударды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети