19 қыркүйек 2016 11:18

Назарбаев Алматыдағы "Халық Аренаға" барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Айнаш Өндіріс © Айнаш Өндіріс

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда салынған жаңа спорттық нысан - "Халық Арена" мұз кешеніне барды. Спорттық кешен 3000 орынға арналған. Онда алдағы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадада хоккейден жарыстар өткізіледі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда салынған жаңа спорттық нысан - "Халық Арена" мұз кешеніне барды. Спорттық кешен 3000 орынға арналған. Онда алдағы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадада хоккейден жарыстар өткізіледі.

Осы кешенде қазақстандық спортшылар: Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, 2000 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков пен 2014 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тенмен кездесулер өткен болатын.

Айта кетейік, мұз кешені Медеу ауданында 11 гектар аумақты қамтиды. Кешен үш блоктан тұрады.

Осыған дейін Мемлекет басшысы "Алматы Арена" мұз сарайындағы "Алматының 25 шыңы" салтанатты шарасына қатысқан еді. "Бұл дата ЮНЕСКО-ның Адамзаттың атаулы және мерекелік күндері күнтізбесіне енген. Аталған шешім Алматының өңірлік және жаһандық дамудағы бірегей рөлінің айрықша екенін көрсетеді. Алатау бөктеріндегі қастерлі өлке өз тарихында көп нәрсені басынан өткерді. Бұл жерден алып Еуразияның Шығысы мен Батысын, Солтүстігі мен Оңтүстігін жалғаған алғашқы сауда жолы және жалпы адамзаттық магистраль - Ұлы Жібек жолы өткен. Бес жүз елу жыл бұрын Жетісу Қазақ хандығының бесігі болды. Бұл жерде бүкіл Орталық Азия аймағының урбанистік мәдениетінің басты ошағының бірі пайда болды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети