Назарбаев әріптестерінен кешірім сұрады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алғыс айту күніне арналған салтанатты шараларға қатысып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстандықтар бүгін, 1 наурызда тарихты тұңғыш рет Алғыс айту күнін тойлап жатыр. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алғыс айту күніне арналған салтанатты шараларға қатысып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстандықтар бүгін, 1 наурызда тарихты тұңғыш рет Алғыс айту күнін тойлап жатыр. 

Мемлекет басшысы бұл мерекенің мән-мағынасының бар екенін атап өтті. Ол осы жерді ұрпақтарға сақтап қалған ата-бабаға алғыс айту керек екенін айтты. Назарбаев көп елде қақтығыстардың болып жатқанын, сондықтан қазір адамдардың бір-біріне қолдауы үшін алғыс айтуы құнды екенін мәлімдеді. 

"(...) Осындай кезеңде қайырымды істерді, жақсылықты қайтаруды, бір-бірімізге құрметпен қарауды ұмытпауымыз ерекше маңызды. Егер өкпе-реніштер болса, ренжітетін сөздер айтылса, осы күні кешірім сұрауға болады. Мен бүгін таңертең әріптестерімнен кешірім сұрадым. Егер жұмыста көңіліне тиіп, ұрыссам. (...) Енді осы күннен бастап отбасыларда, жастар арасында, ұжымдар арасында кешірім сұрау маңызды", - деді Қазақстан Президенті. 

"Барлығымызды Алғыс айту күнімен құттықтаймын. Оны бекіту туралы ұсынысым өткен жылы айтылған еді. Ұсыныс Ассамблея сессиясында, түрлі ұлттар бір-біріне алғыс айта бастағанда, өздері кедей бола тұрып, оларды қабылдаған қазақ халқына алғыс айтып жатқанда ойға келді. Бейбіт өміріміз бен тыныштық үшін алғыс. Сосын менде бір күнді осындай Алғыс айту күні етіп белгілеу туралы ой пайда болды. Биылғы қаңтарда мен сәйкес Жарлыққа қол қойдым, енді Алғыс айту күні - өзге де мерекелермен қатар тұр", - деді Президент. Ол бұл мерекенің Қазақстан қоғамындағы сенім мен достықты нығайта түсетініне сенімді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro