20 сәуір 2014 16:06

Назарбаев: Әртүрлі діндер Қазақстан халқын біріктіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Қазақстан Ресбубликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы Свято-Вознесенский кафедралы шіркеуіне барып, діндарларды Пасха меркесімен құттықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып. 


 Қазақстан Ресбубликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы Свято-Вознесенский кафедралы шіркеуіне барып, діндарларды Пасха меркесімен құттықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып. 

"Биылғы жылы православие мен католик дінін ұстанушылар Пасха мерекесін бір күнде атап өтуде. Бұл барлық қазақстандықтарға ортақ мереке, өйткені біздің елімізде барлық діндер тең дәрежеде. Біздің халқымыз Пасха мен Рождествоны да, Наурыз бен Құрбан айт мерекелерін де бірге тойлайды, бұл бізде жақсы дәстүрге айналған. Діндердің әртүрлі болуы Қазақстан халықтарын біріктіреді, олардың көңілдеріне сенім, татулық, бейбітшілік сезімдерін ұялатады. Осы орайда біз болашақта елімізді ары қарай дамытамыз, азаматтарымыздың тұрмысын жақсартамыз, балаларымызды жеткізіп, болашаққа сеніммен қараймыз", деді Президент. 

Сондай ақ Елбасы қазақстандықтарды төзімділікке, бір-біріне сыйластықпен қарауға  шақырды. "Пасха мерекесі үлкен үмітке негізделген. Біз бәріміз елімізде тұрақтылық, тыныштық болуына, алаңсыз еңбектеніп, балаларымызды тәрбиелеуге үміттенеміз" деді Н.Назарбаев. 

Елбасы христиандарға және барша қазақстандықтарға мықты денсаулық, әрбір отбасына береке тіледі. Өз кезегінде астаналық және қазақстандық  митрополит Александр Президенттің Пасха мерекесіне орай құттықтауына, жылы сөздеріне алғысын білдірді. "Сіз бұл мерекенің барша қазақстандықтарға ортақ екенін өте даналықпен айттыңыз. Сіздің жүргізіп отырған саясатыңыз халқымыздың бірлігіне, татулығына негізделген. Барша қазақстандықтар  Сіздің ел үшін атқарып жатқан еңбегіңізді жоғары бағалайды", деді митрополит. Дәстүр бойынша ол Президентке Пасха жұмыртқасын ұсынды. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети