03 сәуір 2017 13:57

Назарбаев Бакуде Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sholademi.livejournal.com © sholademi.livejournal.com

Нұрсұлтан Назарбаев Шахидтер аллеясындағы мәңгілік алау мен Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазақстан Президенті Әзербайжанның азаттығы мен аумақтық тұтастығы жолында қаза тапқан батыр перзенттері жерленген Шахидтер аллеясындағы мәңгілік алауға гүл шоғын қойды", - деді Ақорданың баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиев пен оның зайыбы Зарифа Әлиеваның бейітіне гүл шоғын қойды.

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев 2 сәуірде ресми сапармен Әзірбайжанға келген болатын. Назарбаевты Баку халықаралық әуежайында Әзірбайжан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эйюбов, Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов пен басқа да ресми тұлғалар күтіп алған еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети