21 тамыз 2019 12:05

Назарбаев блогерлерге жауап беруге шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев блогерлерге үндеу жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев блогерлерге үндеу жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мәслихатқа келесі сайлау Мәжіліс сайлауы секілді партиялық тізімдер бойынша өтеді. Біз мерзімінен бұрын парламенттік сайлауды өткізу және т.б. мажоритарлық жүйесіне оралуды ұсынатын жекелеген оппоненттерді, блогерлердің айтқанын естідік. Бұл сөздерге жауап беру керек. Мұнда негізделген дәлелдер жоқ, әдеттегідей тек пайымдаулар айтылады. Билікке қандай да бір сын айтылса - бұл негізі жоқ құр сөздер. Біреу шығып, өз ұсынысын айтып, қалай істеу керегін көрсетсе", - деді Назарбаев Nur Otan саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.

"Біз демократияның гүлденген жері деп санайтын Еуропада отыздықта жүрген отыз елдің басым бөлігі, мемлекеттердің 63 пайызы сайлауды жүйеге пропорционалды түрде өткізетінін білу керек. Айтпақшы, мажоритарлық жүйе бойынша сайлау көп жағдайда партия жүйесі өзі дамымаған, ал кез келген партия қандай да бір тұлғаға бағдарланған Азия елдеріне тән. Яғни пропорциялық модель әлемдік демократиялық практикаға толығымен сәйкес келеді, саяси жүйені нығайтуға, демократияны дамытуға ықпал етеді, жалпы саяси партиялардың қызметін жандандырады. Партия жұмыс істеп, проблемаларды нақты шешуді ұсынуы тиіс. Сол кезде халықтың алдында беделі де, қолдауы да болады", - деді Назарбаев Nur Otan Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Партия басшысы барлық сайлау конституциялық мерзімде өтетінін атап өтті. "Бұл мәселені жабу керек", - деді Елбасы.

Айта кетейік, елордада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Шараға тұңғыш президент - партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, премьер-министр Асқар Мамин, партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Парламент депутаттары мен саяси бюро мүшелері қатысып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети