10 маусым 2015 12:41

Назарбаев экстремистердің жаппай өлім жазасына кесу әрекеттеріне қатысты ойын жеткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне келген делегаттарды "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының қызметіне қатысты жалпы ойларын айтуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне келген делегаттарды "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының қызметіне қатысты жалпы ойларын айтуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлемде әскери ішкі қақтығыстар күрт артты. Украинаның шығысындағы соғыс еуропалық жаһандық қауіпсіздіктің деңгейін едәуір төмендетіп отыр. (...) Батыс Африкадан бастап Ауғанстанға дейінгі аралық қарулы қарсылыққа құрсауланған", - деді Назарбаев.

"Жаһандық лаңкестік аса қауіпті сатыға өтті, ол әрекет "Ислам мемлекеті" деген формаға ие болды. Жаһандық әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, бірқатар жас, әртүрлі елден солардың қатарына еніп жатыр. Жалған діни көзқарасқа ие содырлар өзге дінді ұстанушыларды, журналистерді және еріктілерді көпшіліктің алдында өлім жазасына кеседі. Менің ойымша, біз бірігіп, осындай әрекет пен дінге кесірін тигізіп жатқан зұлымдыққа қарсы ортақ пікірімізді айтуымыз керек. Мұның барлығын адамгершілікке, адамилыққа қарсы акт деуден басқаша атау мүмкін емес", - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Назарбаев Съезд қорытындысы бойынша декларацияға бірнеше үндеу қосу керегін айтты, олардың арасында барлық әскери қақтығысты тоқтату мен бітімгершілікті жариялау бар.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети