18 сәуір 2014 15:40

Назарбаев елімізде кемсітушілікке жол берілмейтінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тengrinews.kz Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тengrinews.kz

Қазақстанда кемсітушіліктің кез келген формасына жол берілмейді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда кемсітушіліктің кез келген формасына жол берілмейді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің қоғамда ешкімнің этникалық артықшылығы жоқ. Барлық қазақстандық - заң алдында тең. Біздің бәріміз - біртұтас Қазақстан халқының әртүрлі әрі тең баласымыз. Бірлік пен ынтымақ - қоғамның басты құндылықтары. Соның арқасында біз жастарымызға келешекті көрсетіп отырмыз", - деп атап өтті Елбасы. Оның айтуынша, дамыған 30 елдің қатарына ену - қазақстандықтардың басты мақсаты.

Ол "Қазақстан - 2050" Стратегиясында дамудың негізгі қағидалары айқындалғанын атап өтті. "Ол - барлық қазақстандықтың ұлтына, тіліне, діні мен қоғамдық-әлеуметтік ерекшелігіне қарамастан тең құқылы болуы. Бізде кемсітушіліктің кез келген формасына, елдегі бейбітшілік пен келісімге қолсұғушылыққа әсте жол берілмейді", - деді Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанда мемлекеттік тіл мен орыс тілінің ресми мәртебесіне қатысты барлық мәселенің шешілгенін айтты. "Теңдіктің мейлінше биік деңгейде болатын кезі келеді. Жетекшілерге кімді қандай этникалық ерекшелігіне қарай таңдайтынының маңызы болмай қалады. Жақында болған бір мысал - Францияда үкімет басшысы ретінде этникалық испандықты ма, итальянды ма тағайындады. Бұл - көпұлтты мемлекетте болуы тиіс нәрсе. Мемлекеттік тіл туралы айта отырып, біз бірлік, өзаратүсіністік туралы айтуымыз қажет. Көп елде кемінде екі тілде сөйлеп жатады, Қазақстан солардың қатарында, бұл - біздің байлығымыз", - деді Президент.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети