29 маусым 2016 11:46

Назарбаев Ердоғанға көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанға Ыстамбұл әуежайында болған терактіге байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанға Ыстамбұл әуежайында болған терактіге байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жеделхатта Ыстанбұл қаласы әуежайындағы қайғылы оқиға салдарынан көптеген жазықсыз адамдардың қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды Қазақстан Президенті зор күйзеліспен қабылдағаны аталып өткен.

Нұрсұлтан Назарбаев күллі мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында террорлық акт жасалғаны ешкімді бей-жай қалдырмағанын айтты.

"Қазақстан әлемдік қауіпсіздікке қатер төндіретін халықаралық экстремизм мен терроризм әрекеттерін қатаң айыптайды. Ыстанбұлдағы жантүршігерлік оқиға қандыбалақ радикалды топтар мен олардың идеологиясына өркениетті қоғамда орын жоқ екенін тағы да растады", - делінген жеделхатта.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың жақындары мен туыстарына, сондай-ақ бүкіл Түркия халқына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. 

Еске салайық, Ататүрік халықаралық әуежайындағы автотұрақта, шығаберісінде және кіреберісінде үш бірдей жарылыс болған еді. Оқиға Астана уақытымен сағат 01.00-де болды. Соңғы мәліметтер бойынша, терактіден 36 адам қаза тапты. Шамамен 100-ден аса адам ауруханаға жеткізілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети