09 қазан 2014 19:05

Назарбаев Еуропалық комиссия төрағасымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жозе Мануэль Баррозу мен Нұрсұлтан Назарбаев. ©ru.rfi.fr Жозе Мануэль Баррозу мен Нұрсұлтан Назарбаев. ©ru.rfi.fr

Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық комиссия төрағасы Жозе Мануэл Баррозумен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Ақорданың ресми сайтына cілтеме жасап. Кездесуде алда қол қойылатын Қазақстан мен Еуропалық одақтың арасындағы кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім аясындағы өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Тараптар сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты да сөз қозғады.

"Нұрсұлтан Назарбаев пен Жозе Мануэл Баррозу бірлесе жұмыс жүргізген жылдары ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қол жеткізілгенін атап өтті. Қазақстан Президенті Еуропалық комиссия басшысына біздің еліміз бен Еуропалық одақ арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс айтып, оған табыс тіледі", - делінген таратылған хабарламада.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бельгияда жұмыс сапарымен жүр. Ол Бельгия королі Филиппен кездесті. Әңгіме барысында саяси және мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты қатынастардың маңызды аспектілері туралы талқыланды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети