22 ақпан 2017 17:18

Назарбаев ғалымдарға: Балаларыңыздың қайда оқитынын білемін ғой

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық ғылым академиясының жалпы жиналысының сессиясында Қазақстанға қандай ұрпақ керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық ғылым академиясының жалпы жиналысының сессиясында Қазақстанға қандай ұрпақ керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Зияткер ұрпақ керек. Ол қандай ұрпақ? Ол рухани бай, Тәуелсіздікті пір тұтатын, тарихын, діні мен мәдениетін қастерлейтін денсаулығы мықты, өресі биік азамат керек. Сол азаматты таңдауымыз керек. Озық технологиялардың білгірі, жаһандық деңгейдегі кәсіби маман болуы керек. Әр жерге барып жұмыс істей алатын болуы қажет. Мысалы, біз айтамыз, Балтық жағалауындағы елдердің жастарының көпшілігі батысқа кетіп қалып жүр. Украиналықтар солай істеп жатыр. Түбінде олар еліне пайдасын тигізеді. Ол үшін ана тілімен бірге әсіресе, ағылшын тілін кәсіби түрде еркін меңгерген ұрпақтың өкілі болуы керек. Сонда ғана қазақтың азаматы дүниежүзілік бәсекеге сай болады. Қытайға барсаң, ағылшын тілін біледі, Жапонияға барсаң, ағылшын тілін біледі, Үндістанға, Малайзияға барсаң да ағылшын тілін біледі. Біраз уақыттан кейін ешқандай ғылым мен технология келмейтінін білгеннен кейін барлығы дүние жүзі қолданатын тілге көшті. Енді біз осы мәселе төңірегінде қандай іске көшуіміз керек? Барлықтарыңыздың балаларыңыздың қайда оқитынын білемін ғой мен. Сондықтан да, ағайын, алға қарай жылжу үшін қолдау жасау керек. Дүниежүзінде біз бәсекелі болу үшін осыны ұмытпауымыз керек. Жаңа буын көшбасшы, бәсекеге қабілетті әрі отаншыл болуы тиіс. Біз тәрбиелеп жатқан жаңа Қазақстанның президенттері, меніңше, осындай қасиеттерге ие болуы керек. "Ғылымның тамыры ащы, жемісі тәтті" деген қанатты сөз бар. Академияның мерейлі белесімен баршаңызды тағы да шын жүрегіммен құттықтаймын. Барлығыңыздың қажырлы еңбектеріңіз жемісті болсын, елдің игілігіне, Мәңгілік ел боламыз деген идеологияға сай болайық. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!", - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, осыған дейін Назарбаев Ұлттық ғылым академиясының жалпы жиналысы барысында Шыңғыс хан мен Томиристі қазақ деушілерді сынаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети