03 сәуір 2017 17:27

Назарбаев Гейдар Әлиевтің орденімен марапатталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Гейдар Әлиевтің орденімен марапаттау туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Гейдар Әлиевтің орденімен марапаттау туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Бакуге ресми сапармен келген болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында екі ел арасындағы тарихи және мәдени байланысы бар достық қарым-қатынасты айта отырып, екі ел арасындағы ынтымақтастықты барлық cала бойынша дамыту қажеттігін айтып өтті.

"Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтудағы ерекше еңбегі үшін Гейдар Әлиевтің орденімен марапатталсын", - деп келтіреді баспасөз қызметіндегілер Ильхам Әлиевтің сөзін.

Гейдар Әлиевтің ордені - Әзірбайжандағы ең жоғары марапат, орден 2005 жылдың сәуірінде бекітілген. Бұл орден шетел азаматтарына Әзірбайжан елі алдындағы ерең еңбектері үшін, оның ішінде Әзірбайжанның басқа елдермен саяси, экономикалық, ғылыми және мәдени байланысын жақсартуға үлес қосқаны үшін беріледі.

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев 2 сәуірде ресми сапармен Әзірбайжанға келген болатын. Назарбаевты Баку халықаралық әуежайында Әзірбайжан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эйюбов, Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов пен басқа да ресми тұлғалар күтіп алған еді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Шахидтер аллеясындағы мәңгілік алау мен Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысқаны жайлы хабарлаған еді.

Кейінірек Қазақстан Президенті Ильхам Әлиевпен кездескен болатын. Мемлекеттер басшылары ресми кездесу рәсімінен соң "Загульба" резиденциясында шағын құраммен келіссөз жүргізді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети