27 шілде 2014 13:51

Назарбаев Головкинді чемпиондық атағын қорғап қалуымен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаев. Фото Tengrinews Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаев. Фото Tengrinews

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев боксшы Геннадий Головкинді WBA және IBO аталымдары бойынша чемпиондық атағын кезекті мәрте қорғап қалуымен құттықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев боксшы Геннадий Головкинді WBA және IBO аталымдары бойынша чемпиондық атағын кезекті мәрте қорғап қалуымен құттықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет Басшысы Головкиннің жеңісі көптеген бокс сүйер қауым мен барлық қазақстандық жанкүйерлер үшін үлкен сыйлық болғаны айтты. "Әділ өткен бұл жекпе жекте сен өзіңді жауынгер екеніңді көрсетіп, дайындығының аса жоғарғы деңгейде екенін, көшбасшылығыңды одан әрі дәлелдеп, Қазақстан имиджін халықаралық аренада тағы бір мәрте асқақтаттың. Біздің сенің жеңісіңмен мақтанамыз", - делінген құттықтау жедел хатта. Назарбаев сондай-ақ Головкинге мықты денсаулық, табыс пен кәсіби рингте бұдан да зор табыстарға қол жеткізуіне тілек білдірген екен.   

Еске саламыз, бүгін, яғни шілденің 27-і күні Головкин автралиялық боксшы Дэниел Гилмен жекпе жек өткізіп, оны үшінші раудта-ақ нокаутқа жіберген болатын. Осылайша Головкин WBA версиясында 11-ші, ал IBO версиясында чемпиондық атағын сегізінші рет  қорғап қалды. 32 жастағы қазақстандық боксшы кәсіби рингте осымен 30 рет жекпе жек өткізіп, оның барылығында жеңіске жеткен болатын. Атап өтейік, Головкин 17 жекпе жегінде рингтен уақытынан бұрын кеткен болатын. Бүгінгі ойынды қоса есептегенде Головкиннің нокаут көрсеткіші 90 пайыздық межеге жетіп отыр. 2008 жылдан бері Головкиннің бірде бір қарсыласы ойынның соңына дейін жете алмаған.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети