11 тамыз 2014 18:21

Назарбаев Иран халқына көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тengrinews.kz Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тengrinews.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Иран халқына көңіл айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Президенті Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Руханиға Тегеранда "Сепахан Эйр" әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Жеделхатта қайғылы хабарды Мемлекет басшысының терең күйзеліспен қабылдағаны айтылған. "Қазақстан халқының және жеке өз атымнан осы апат кезінде жақындарынан айрылған отбасылары мен олардың туған-туыстарына, сондай-ақ бүкіл Иран халқына көңіл айта отырып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін", - делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, 10 тамыз күні Тегеран әуежайында жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Қайғылы оқиғадан 40-тан астам адам қаза тапты. Әуе кемесі Иранның Табас қаласына бағыт алған. Ұшақ апатына двигательдің істен шығуы мен ұшақтың басқарусыз қалуы себеп болуы мүмкін деген алдын ала болжам бар. Бүгін, 11 тамыз күні ҚР Сыртқы істер министрлігі апатқа ұшыраған лайнердің бортында қазақстандықтардың болмағанын хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети