16 қыркүйек 2017 14:47

Назарбаев Ислам Кәрімовтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтің ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтің ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Ислам Кәрімовтің ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

Өзбекстанның тұңғыш президентіне арналған монумент Ташкентте "Ақсарай" резиденциясының алдына қойылып, 2017 жылғы 31 тамызда ашылды.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапары аясында Шавкат Мирзиёевпен бірге Өзбекстан халқының жалпыұлттық символы болып саналатын "Тәуелсіздік және гуманизм" монументіне гүл шоғын қойды.

Тәуелсіздік алаңында орналасқан сәулет кешенінде Өзбекстан картасы бейнеленген қола глобус пен қолына бала ұстаған ананың мүсіні бар.

Композиция авторы - танымал өзбек сәулетшісі Ильхом Жабборов.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен бірге Ташкент қаласының ең көрнекті орындарының бірі саналатын "Төле би кесенесі" сәулет кешініне барды.

Кесенеде қазақтың атақты тарихи қайраткері Төле би жерленген. Бұл сәулет ескерткіші - қазіргі Ташкент аумағындағы ең көне ескерткіш. Кесене XV ғасырдың бірінші жартысында салынған.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізді. Онда мемлекеттер басшылары бауырлас елдер арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа кезеңі басталғанын мәлімдеді.

Қазақстан Президенті мемлекеттік сапары аясында Шавкат Мирзиёевпен бірге "Өзбекстан-Қазақстан: ынтымақтастықтың жаңа кезеңі" атты өнеркәсіп көрмесін аралап көрді. Онда мемлекеттер басшылары қазақстандық тауар өндірушілердің өнімімен танысты.

Көрмеде әскери-техника, авиация, фармацевтика, тоқыма өндірісі, құрылыс, сондай-ақ машина жасау, автомобиль құрастыру және ІТ салаларындағы қазақстандық 50-ден астам ірі компаниялардың экспортқа арналған өнімдері қойылған.

Көрменің негізгі мақсаты – екі мемлекеттің компаниялары арасында орнықты байланыстар орнатуға көмектесіп, бірлескен сауда және инвестициялық жаңа жобаларды іске асыруға қолдау көрсету.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети