23 қаңтар 2019 | 11:39

Назарбаев Жастар жылын ашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы EXPO-2017 көрме орталығындағы "Нұр Әлем" павильонында өтіп жатқан Жастар жылының ашылу салтанатына қатысып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы EXPO-2017 көрме орталығындағы "Нұр Әлем" павильонында өтіп жатқан Жастар жылының ашылу салтанатына қатысып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс-шара алдында Президент "Жас қазақстандықтардың жобасы" көрмесіне барып қайтты.

Салтанатты іс-шараға жастардың барлық санатының өкілі қатысты: актерлер мен орындаушылар, "Қазақстандағы 100 жаңа есім" байқауының қатысушылары, "Болашақ" түлетері, жас ғалымдар мен әскери қызметкерлер, балалар үйінің тәрбиеленушілері, спортшылар мен дарынды балалар қатысты. Қонақтардың ішінде әнші Димаш Құдайберген, актриса Құралай Анарбекова, шахматшы Жансая Әбдумәлік және тағы басқалары бар.

Сондай-ақ, форумға Қазақстанға алғаш рет "Көшпенділер" деректі фильмінің таныстырылымына келген белгілі бүркітшкі қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы келеді деп жоспарланып отыр.

Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев жастарды кешенді қолдау мақсатында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын. Кейінірек Жастар жылының логотипі бекітілген еді. Авторлар логотиптің түстік гаммасына ерекше көңіл бөлген. Мысалға сары түс - позитивті энергетиканы, мерекені, күннің нұрын, көгілдір түс - кеңшілдікті, шығармашылық әлеует пен достық қарым-қатынасты білдіреді. Көк түс- рухани тазалық мен кемелдікті, қызғылт-сары түс - тұрақтылықтың, қуаныштың, достық қарым-қатынастың символы деп бейнеленген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети