Назарбаев: Жемқорлыққа қарсы күресте ешқандай аяушылық болмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев: Жемқорлыққа қарсы күресте ешқандай аяушылық болмайды © ҚР Президенті Телерадиокешенінің бейне кадры

Жемқорлыққа қарсы күресте ешқандай аяушылық болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып. Бұл туралы бүгін Нұрсұлтан Назарбаев республиканың бас прокуроры Асхат Дауылбаевпен және жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттіктің басшысы Қайрат Қожамжаровпен кездесу барысында айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жемқорлыққа қарсы күресте ешқандай аяушылық болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып. Бұл туралы бүгін Нұрсұлтан Назарбаев республиканың бас прокуроры Асхат Дауылбаевпен және жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттіктің басшысы Қайрат Қожамжаровпен кездесу барысында айтты.

"Менің есімде, біз ТМД-да бірінші болып "Жемқорлық туралы" заң қабылдадық. Осы заң қабылданған кезде ешкімге ешқандай аяушылық болмайтынын халыққа айттым. Туған-туыс, дос-жаран, құда-жекжат, егер жемқорлыққа қатысты қылмыс жасаса, ешқайсысына кешірім болмайды. Тағы да ескертемін, біз адам қалыптастыру үшін қаншама уақытымызды сарп етеміз, Адамды министрлікке дейін өсіру дегеніміз не? Оны төменгі лауазымды қызметтен бастап ондаған жыл тәрбиелеп, бақылап, оған бюджеттің қаржысын жұмсаймыз, бірақ аяғында құзға құлаймыз. Сонда мұндай адамдардың мақсаты не? Осыны бәріміз түсінуіміз керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жылдары біраз нәрсе жүзеге асырылды. "Жемқорлық туралы" заңға өзгерістер енді, шенеуніктердің кәсіпкерлермен байланысы шектелді, осы тұрғыда талап күшейді. Біз атына, лауазымына қарамастан, ірі шенеуніктерді жауапкершілікке тартамыз. Егер жемқорлық туралы заңды бұзатын болса, әркім өзіне тиісті жазаны алады", - деді Мемлекет басшысы. 

Елбасы мемлекеттік қызметкерлердің адал еңбек етуіне мемлекет барлық жағдайды жасап отырғандығын айтты. "Бүгінде мемлекеттік қызметкерлер әлеуметтік, материалдық жағынан қамтылған, біз олардан заңға сай жұмыс істеуді талап ете аламыз. Қазіргі таңда елімізде "Нұрлы жол" атты жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыру мақсатында белсенді жұмыс жүріп жатқан кезде, мемлекет бюджетінен үлкен қаржы салынатын кезде адал еңбек ету мәселесі өте маңызды.Сондықтан бас прокуратура және агенттік "Нұр Отан" партиясымен бірлесіп жұмыс істеуі керек", - деді Елбасы.

Бас прокурордың айтуынша, қазіргі кезде жемқорлықпен күрес жұмыстарына қатысты арнайы бағдарлама жасалған. "Бүгінде партиялық бағдарлама жасау қолға алынды. Бюджет қаржысын жұмсауда заңға бағынуға қатысты жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Экономиканы дамытуға бөлінген әр тиын, әр теңге өз орнымен жұмсалуын қатаң қадағалаймыз", - деді Асхат Дауылбаев.    

Өз кезегінде агенттік басшысы Қайрат Қожамжаров та  Ақордада Президентпен кездесу барысында агенттіктің жұмысы туралы есеп берді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети