01 наурыз 2017 11:36

Назарбаев Қазақстан халқына алғыс айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының құттықтауын Қазақстан халқы Ассамблеясының форумы барысында Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова оқыды.

"Алғыс айту күні - біздің мемлекеттік күнтізбемізде жақында ғана пайда болған ерекше мереке. Жас мереке болса да, бұл күн терең тарихымыздың белгісі. Ол сол бір қиын кездерді еске алып тұрады. Ол кезде адамдардың ең құнды қасиеттері қайырымдылық, рақымдылық пен өзара көмек болатын", - деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, қазақстандықтар Алғыс айту күнін тойлай отырып, өткенге көз жүгіртіп, халқымыздың рухани ерлігіне лайықты бағасын береді. "Ал бір жағынан біз адамгершілікке негізделген болашаққа қараймыз. Біз жеткен жеңістерімізге алғыс айтамыз, еліміздің әлеуетін арттыратын жаңа сын-тегеурінге дайынбыз", - деді Мемлекет басшысы.

"Мен тәуелсіз мемлекетті бірге құрып жатқан Қазақстан халқына бірлігіміз үшін, қайраттылығымыз үшін алғыс айтамын. Кейін де қайырымдылық пен өзара көмек сияқты қасиеттеріміз арта береді деп сенемін. Барлықтарыңызды шын жүректен Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Барлығына бақыт, үй ішінің амандығын, достық пен еліміздің әрі қарай өркендей беруін тілеймін", - деді Назарбаев.

2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр" тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлей отырып, Назарбаев халықтың түгелдей жер аударылғанын еске алған еді. "Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді", - деген еді Президент.

Айта кетейік, бүгін қазақстандықтар Алғыс айту күнін тойлап жатыр. 2016 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі кәсіби және басқа да мерекелерге өзгеріс енгізу туралы қаулыға қол қойды. Осылайша елімізде екі жаңа мереке пайда болды - Алғыс айту күні мен Геологтар күні.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети