27 сәуір 2015 06:59

Назарбаев Қазақстанды әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосуға уәде берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©akorda.kz ©akorda.kz

Елбасы Қазақстан Республикасы Президентін сайлау нәтижелері бойынша экзит-полл қорытындысын жариялау рәсіміне қатысты. Іс-шара барысында экзит-полл нәтижелері жарияланған жаңалықтар шығарылымы көрсетілді. Оның қорытындысына сәйкес, президенттік сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев ең көп дауыс жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Елбасы Қазақстан Республикасы Президентін сайлау нәтижелері бойынша экзит-полл қорытындысын жариялау рәсіміне қатысты. Іс-шара барысында экзит-полл нәтижелері жарияланған жаңалықтар шығарылымы көрсетілді. Оның қорытындысына сәйкес, президенттік сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев ең көп дауыс жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жиналғандарға арнаған сөзінде Қазақстан Президенті бүкіл Қазақстан халқына ризашылығын білдірді. "Мен әрбір азаматқа, әрбір отбасыға маған ел дамуындағы бүкіл Тәуелсіздік жылдары бойы сенім артқаны және осы жолғы сайлауда қолдағаны үшін ризамын. Кезектен тыс президенттік сайлау өткізу идеясы Қазақстан халқы Ассамблеясына тиесілі. Бұл шешімді қазақстандықтар қолдады. Менің кандидатурамды ұсынғаны үшін "Нұр Отан" партиясына рахмет айтқым келеді, партия мүшелері жергілікті жерлерде белсене жұмыс жүргізді. Сондай-ақ Республикалық қоғамдық штабқа да ризамын. Оның өкілдері бүкіл республиканы аралады, халықпен кездесіп, елде жүргізіліп жатқан саясатты түсіндірді. Барлық сенімді өкілдер мен белсенділерге алғыс айтамын", - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев атқарылып жатқан жұмыстарды республика азаматтарының тағы да қолдағанын атап өтті. "Осындай жалпыға ортақ сенім болмаса, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру қиын болар еді. Сайлауға рекордтық қатысу көрсеткіші қазақстандықтардың бірлігін, тұрақты мемлекетте өмір сүруге деген құлшынысын, сондай-ақ мен ұсынған бағдарламаларды қолдауын көрсетті. Осының бәрі Отанымыздың болашағы мен өркендеуі үшін еселенген күш-қуатпен жұмыс істеуді міндеттейді", - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтардың тұтастығын, дамуға және болашақ ұрпақ үшін биік мақсаттарға бірлесіп жетуге деген талпынысын көрсеткен сайлаудың тарихи мәніне назар аударды. "Сайлау барысында заңнама талабы толық сақталды. Сайлауды байқауға көптеген шетелдік байқаушылар мен журналистер келді. Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа биік саяси мәдениет пен демократия қағидаттарын паш етті, сол арқылы өз деңгейін әлем алдында тағы бір сатыға көтерді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті ел алдына қойылған ауқымды мақсаттарға жету үшін барлық мүмкіндіктер бар екенін айтты. "Бізде білікті мамандар, жеткілікті қаржы-қаражат, саяси орнықтылық, халықтың бірлігі мен достығы бар. Біз индустрияландыру, "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында қойылған міндеттерді орындаймыз, Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруін қамтамасыз етіп, қазақстандықтардың тұрмысын жақсартамыз", - деді Мемлекет басшысы.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына бақ-береке және табыс тіледі. Іс-шара барысында Мемлекет басшысы сондай-ақ үзеңгілестерімен және республикалық қоғамдық штаб мүшелерімен әңгімелесті.

Еске салайық, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы барысында Демократия институты елдің барлық өңірінде жалпыұлттық экзит-полл жүргізді. Зерттеулер 14 облысты, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларын қамтыды. Экзит-полл сағат 7-ден 20-ға дейін 550 сайлау учаскесінде, соның ішінде 312 қалалық және 238 ауылдық сайлау учаскесінде өткізілді. Экзит-полды ұйымдастыру және өткізу ісіне 1500-ден астам адам тартылды. Қолданылған сауалнама әдісін шетелдік және қазақстандық ғалымдар бірнеше рет сынақтан өткізген, бұл сенімді, репрезентативті мәлімет алуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлер бойынша экзит-полл нәтижесі мынадай болды: Нұрсұлтан Назарбаевқа - 97,5 пайыз, Тұрғын Сыздықовқа - 1,87 пайыз, Әбілғазы Құсайыновқа 0,63 пайыз дауыс берілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети