Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұма күні халықаралық конференцияда Қазақстанды "Ұлы Дала елі" деп атауды ұсынды. Бұл туралы саясаттанушы Ерлан Қарин Instagram әлеуметтік желісінде хабарлады.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұма күні халықаралық конференцияда Қазақстанды "Ұлы Дала елі" деп атауды ұсынды. Бұл туралы саясаттанушы Ерлан Қарин Instagram әлеуметтік желісінде хабарлады.
"Нұрсұлтан Назарбаев бүгін халықаралық конференцияда сөз сөйлеу кезінде былай деді: "Біз "Ұлы Дала елі" деп аталуымыз керек деп есептеймін. Кейбіреуі өздерін "аспан асты елі, ал кейбірі "Күншығыс елі" деп атайды. Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы біздің ата-бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. "Қазақстан" деген атаумен қатар, "Ұлы Дала елі" атауы да қолданылса дұрыс болады деп ойлаймын". Мен қосыламын!", - деді саясаттанушы.
Айта кетейік, биылғы шілдеде Мемлекет басшысы елді бүкіл әлемге танытатын қазақстандық брендті жасау керек екенін айтқан болатын. "Біз қандай да бір қазақстандық бренд ойластыруымыз керек. Жапония Күншығыс елі, Корея таңғы балғындық елі, Нидерланды - қызғалдақтар елі, Қытай- аспанасты елі атанған. Шексіз далада, мәңгілік көк аспанда біздің ата-бабамыз өмір сүрген. Тәңір - аспан. Жасыл дала мен көк аспан біздің Туымызда да бейнеленген. Біз ұлы даланың балаларымыз. Дәл осы ұранмен және жаңа брендпен біз Қазақстанды әлемге танытуымыз керек", - деді Назарбаев.