21 наурыз 2015 12:29

Назарбаев қазақстандықтардың тамаша болашағы жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Akorda.kz ©Akorda.kz

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Барлық қазақстандықты күннің бірінші жылы шуақтарымен келетін жарқын мейрам Наурызбен құттықтаймын. Осы жылдар бойы сіздермен бірге тұрғызған еліміз - Қазақстан қуатты әрі күшті мемлекетке айналды, әрбір қазақстандық өз елімен мақтанады. Біз Қазақстанды тұрғызып жатырмыз, оны өз халқына қызмет ететін танымал, ұлы, күшті мемлекетке айналдырып жатырмыз", - деді Назарбаев "Сарыарқа" республикалық велотрегінде өтіп жатқан "Наурыз - Нұрлы жол" атты мерекелік шарасында сөз сөйлеп жатып.

Мемлекет басшысы елдің дағдарыстың түрлі кезеңдерінен өткенін, ал қазір қиын-қыстау уақытта Қазақстанның көптеген қиындықтардан абыроймен өтіп жатқанын атап өтті.  

"Қазір, әлемде дағдарыс болып жатқан кезде, біздің тауарымыздың құны түсіп жатқан уақытта көптеген қиындықтарға тап болдық, бірақ Қазақстанның күштілігі сондай, ол дағдарысты өткеріп жатыр. Мен ұсынған бағдарламаларды білесіздер. "Нұрлы жол" - бұл қиындықтарға қарсы жауабымыз, сонымен қатар, біз инфрақұрылымдық жобаларды іске асырамыз, бұл Қазақстанның барлық өңірлеріне қатысты, автомобиль, темір жолдары, әуежайлар, жаңа баспаналар. Төрт жылдың өзінде 30 миллион шаршы метр салынды, жаңа балабақшалар, ауруханалар, тұрғын үй шаруашылықтарының қайта құрылуы", - деді Президент.

"Істеліп жатқан істің бәрі қарапайым адам үшін, қарапайым халық үшін, оның жұмысы, баспанасы болуы үшін, балаларының жақсы оқуы үшін, бізді жақсы емдеуі үшін. Мұның барлығы мемлекеттің ісі. Осы бағдарламаларды орындасақ, біздің болашағымыз бұдан да тамаша болады. Ол үшін біздің бірлігіміз, елдегі тұрақтылығымыз қажет, бір-бірімізге деген құрметіміз, сеніміміз және махаббатымыз болуы керек. Бұл мейрам сондай, оның алдында болғанның бәрі кешірілетін мейрам, адамдар жамандықты ұмытып, болашаққа ұмтылады, бір-біріне жақсылық пен бақыт тілейді. Әрқайсыларыңыздың отбасыңызға аман-саулық, керемет мереке, халқымызға болашақ тілеймін. Мерекелеріңізбен", - деп қорытындылады Назарбаев.

Қазіргі уақытта велотректе мерекелік шаралар жалғасып жатыр.

Айта кетейік, бұл мейрам Қазақстанда мемлекеттік мереке саналады және үш күн тойланады - 21-23 наурыз аралығы. Заңнамаға сәйкес, республикада демалыс күндері болады. Осы жылы мереке күндері сенбі, жексенбі және дүйсенбі күндеріне түсетіндіктен, қазақстандықтар бес күн қатарынан демала алады. Бұл сейсенбі мен сәрсенбі күндері де жұмыс күндері емес деген сөз (24, 25 наурыз күндері). Айта кетейік, Наурыз мейрамы республикада 2010 жылға дейін ресми түрде бір ғана күнде тойланып келді - 22 наурыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети