01 наурыз 2017 11:25

Назарбаев Конституцияға өзгертулер енгізуге қатысты Жұмыс тобының қорытынды отырысын ашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жұмыс тобының мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша қорытынды отырысын ашты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жұмыс тобының мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша қорытынды отырысын ашты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Осы мәселенің маңыздылығын ескере отырып, Жұмыс тобының менің тапсырмам бойынша Конституцияға өзгертулер енгізу туралы жоба бүкілхалықтық талқылауға салынды. Мен қоғамдық пікірді мұқият бақыладым. Осыған байланысты мен халықтың басым бөлігінің біз енгізген өзгертулерді қолдағанын көрдім. Бүгін біз азаматтардан келіп түскен ұсыныстарды, олардың пікірлерін қарастырамыз. Қорытынды шығарып, әрі қарай қалай жұмыс істейтініміз туралы шешім шығарамыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Жұмыс тобының отырысы барысында.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мерекелік жиында билік тармақтарын үлестіру мәселесін қарастыруды тапсырған болатын.

"Сіздердің назарларыңызға еліміз үшін аса маңызды, тағдырлы мәселені ұсынбақпын. Бұл - Конституция мен заңдарға өзгерістер енгізу. Біздің алдымызда билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу міндеті тұр. Қазір заманның дидары өзгерді. Біз де өзгеруге тиіспіз. Сол себепті, мемлекеттің басқару жүйесін де жаңғыртатын кез келді. Мен елдің мүддесі мен заманның талабын, ұрпақтың болашағын ойлай отырып осындай байлам жасадым", - деген еді Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға жасаған үндеуінде

2017 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Президенті биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша жұмыс тобымен кездескен еді. Мемлекет басшысы отырыста мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі республика дамуының жүйелі және заңды кезеңі болып табылатынын атап өткен болатын.

Ал 13 қаңтарда Ақорда Мемлекеттік билік өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының тізімін жариялаған еді. 

24 ақпанда жұмыс тобы "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бүкілхалықтық талқылау мерзімінің аяқталғанын мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети