Назарбаев ҚР Ұлттық ұланы туралы заңға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев ҚР Ұлттық ұланы туралы заңға қол қойды Тengrinews.kz мұрағатынан

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы" Заңына қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы" Заңына қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Бұл заң Мемлекет басшысының Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерін ішкі істер органдары жүйесіне кіретін Ұлттық ұланға қайта өзгерту туралы 2014 жылдың 21 сәуіріндегі жарлығын іске асыруға бағытталған. Сондай-ақ ол осы құрылым қызметінің қағидалары мен құқықтық негіздерін айқындайды, оның қызметіндегі қоғамдық қатынастарды реттейді. Заң мәтіні ресми баспасөзде жарияланатын болады. 

Ақорданың хабарлауынша, Қазақстан Президенті сонымен бірге ҚР "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, Қарулы Күштері және Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына да қол қойды. Бұл құжат тиісті заңнамаларды "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы" жаңа Заңға сәйкестендіруге бағытталған. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети