09 қыркүйек 2016 11:46

Назарбаев Кулагинге мақал айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сергей Кулагин © Tengrinews.kz Сергей Кулагин © Tengrinews.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагинге қатысты мақал айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагинге қатысты мақал айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Отырысқа министрлер, қызмет басшылары мен аймақ әкімдері қатысты.

Мемлекет басшысы отырыс барысында ауылда тұрғындарды еңбекпен қамтудың маңыздылығын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев әкімдіктерден өңірлердегі кооперацияны дамыту жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқанын сұрай отырып, Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагинге қарата сөйледі.

"Жұмыс кезінде ауылдарда еңбекпен қамту мәселесін дамытуға басты назар аудару керек. Сергей Витальевич, жұмыс атқарылып жатыр ма? Жұмыс бар ма? "Старый конь борозды не испортит" деген мақал бар. Кооперация жайлы есіңізде бар ғой? Енді аз ғана жұмыс қалды", - деді Президент.

Айта кетейік, Сергей Кулагин - Ақмола облысының әкімі. Сондай-ақ, ол сенатор қызметін, Қостанай облысының әкімі мен ауыл шаруашылық министрі қызметтерін атқарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети