07 қараша 2014 13:54

Назарбаев Қырғызстан президентіне орден табыс етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің мұрағатынан. Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің мұрағатынан.

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевты орденмен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордадан. 


Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевты орденмен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордадан. 

"Мен Сізді шетелдік көшбасшыларға берілетін жоғары награда - Қазақстанның Достық орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойдым. Сіздің біздің елдеріміз арасындағы достықтың, өзаратүсіністіктің, қазақ пен қырғыз арасындағы, біздің азаматтар арасындағы бауырластықтың нығаюына қосқан өлшеусіз үлесіңіз үшін", - деді Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстанның мемлекетаралық кеңесінің Астанада өтіп жатқан IV отырысының ашылуында. 

"Бұл біздің елдеріміздің арасындағы сенімге одан әрі ықпал етеді деп ойлаймын, мен Сізді құттықтаймын. Біз Қазақстан мен Қырғызстан рухы, тарихы, мәдениеті, тілі, ділі мен діні жағынан өте жақын деп есептейміз және бізге көрші болуды жазған, сондықтан ата-бабаларымыз сияқты қарым-қатынастарды жалғастырып, оны келесі ұрпаққа жеткізу - біздің ортақ борышымыз", - деді Қазақстан Президенті.

Ол Алмазбек Атамбаевтың Қырғызстан президенті болып сайланғаннан бері Қазақстанға тұңғыш рет мемлекеттік сапармен келіп отырғанын айтты. 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети