20 наурыз 2016 11:21

Назарбаев Мәжіліс пен мәслихат сайлауында дауыс берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барлық деңгейдегі мәслихаттар мен партиялық тізім бойынша ұсынылған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барлық деңгейдегі мәслихаттар мен партиялық тізім бойынша ұсынылған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Назарбаев дауыс беру үшін Астанадағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесіне келді. Президент өз дауысын беріп, бюллетенді тастады.

Еске сала кетейік, бүгін, 20 наурызда Астана уақытымен таңғы сағат 7.00-де елдің басым өңірінде сайлау басталды. Сайлау 20.00-ге дейін жалғасады. 

Парламенттің төменгі палатасының орындарына алты саяси партия таласады: "Нұр Отан", "Ақ Жол" Қазақстанның демократиялық париясы (ҚДП), Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП), Қазақстан коммунистік халық партиясы (ҚКХП), "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы және "Бірлік" партиясы.

Кампания аясында төменгі палатадан 107 депутат таңдалады, оның ішінде 98-і партия тізімі бойынша да, тағы тоғызы Қазақстан халқы ассамблеясынан. 

Сайлауды Орталық сайлау комиссиясы, 224 аймақтық және 9 840 учаскелік сайлау комиссиясы, оның ішінде 65-і шет елдерде дайындап, өткізіп жатыр.  

Айта кетейік, биыл 13 қаңтарда Мәжіліс депутаттары бесінші шақырылым депутаттарының өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатуды және жаңа Парламент сайлауын тағайындауды сұрап, бастама көтерген еді. 18 қаңтарда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыповпен, Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаевпен және премьер-министр Кәрім Мәсімовпен кеңес өткізді. Кездесуге Президент Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин де қатысты. Кеңес кезінде Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу туралы бастамасы қаралды. Екі күннен кейін Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасап, депутаттардың бастамасын қолдау туралы шешімнің қабылданғанын жария етті. Сол күні кезектен тыс сайлаудың мерзімі белгіленді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети