02 сәуір 2014 21:19

Назарбаев Мәсімовті Премьер-министр қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Мәсімовті Премьер-министр қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. ©Тengrinews.kz Нұрсұлтан Назарбаев Мәсімовті Премьер-министр қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. ©Тengrinews.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Кәрім Мәсімовті Қазақстан Республикасының Премьер-министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Кәрім Мәсімовті Қазақстан Республикасының Премьер-министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылсын", - делінген жарлықтың мәтінінде.

Бұған дейін Серік Ахметовтің отставкаға кеткені хабарланған болатын. Кейін Мемлекет басшысы бұл қызметке Президент Әкімшілігінің жетекшісі Кәрім Мәсімовтің кандидатурасын ұсынды. Өз кезегінде Парламент Мәжілісінің бюросы бұл кандидатураға бірауыздан дауыс берді.

Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов 1965 жылы туған. Ол 2007 жылдың қаңтар айынан 2012 жылдың қыркүйегіне дейін ҚР Премьер-министрі қызметін атқарған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети