10 сәуір 2017 11:49

Назарбаев Мысырдағы терактіге байланысты көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге Танта және Александрия қалаларында болған террорлық актілерге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Танта және Александрия қалаларындағы копт православ шіркеулеріндегі террорлық акт салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге, сондай-ақ қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Қазақстан Мысырмен бірге елдеріміздің бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазіргі заман қауіп-қатерлеріне қарсы күресте күш-жігер жұмылдыруға дайын", - делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, 9 сәуірде Мысырда төрт жарылыс болған еді. БАҚ мәліметінше, терактінің салдарынан 16 адам қаза тауып, 41 адам жарақат алды. Ал кейінірек лаңкестің өзін-өзі жарып жіберген сәтінің видеосы пайда болды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети