21 қазан 2021 21:53

Назарбаев өкілеттігін тоқтатар кезде кімге хабарласқанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы өкілеттігін тоқтататынын қай елдің президентіне бірінші айтқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы өкілеттігін тоқтататынын қай елдің президентіне бірінші айтқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Назарбаев "Штрихи к портрету. Откровение" деректі фильмінде айтты. 

"Мұндай нәрсені жан-жаққа айтуға болмайды. Ешкімге айтқан жоқпын. Тек сол күні ертеңгісін Путинге (Ресей президенті Владимир Путин - авт.) хабарластым, қанша дегенмен көршіміз ғой. Ол қатты таңғалды. "Бүгін кешке хабарланады, оны менің аузымнан естігеніңіз жөн деп шештім" дедім. Болды. Басқа елдердің басшылары мұны білген жоқ", - деді Назарбаев. 

Еске салайық, 2019 жылы 19 наурызда Назарбаев өкілеттігін тоқтатқанын мәлімдеген болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети