07 мамыр 2014 15:07

Назарбаев Отан қорғаушылар күніне орай өткен салтанатты шеруге қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото ©Тұрар Қазанғапов Нұрсұлтан Назарбаев. Фото ©Тұрар Қазанғапов

Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Отан қорғаушылар күніне орай өткен әскери шеруге қатысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мерекелік шара "Қазақ елі" алаңында өтті.


Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Отан қорғаушылар күніне орай өткен әскери шеруге қатысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мерекелік шара "Қазақ елі" алаңында өтті.

«Бізде тұрақты экономика, берекелі қоғам, дайындалған қуатты армия бар. Біз жаңа Қазақстан рухына, прогресс, болашақ құру рухына адалмыз», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, бұл - еліміздің дамыған 30 елдің қатарынан көруді армандайтын барша қазақстандықтың мақсаты.

«Бізде барлық өңірлер, қалалар, аудандар және ауылдар бірыңғай ырғақпен дамуда. Біздің басты байлығымыз - бейбітшілік пен келісім. Елдің әрбір азаматының парызы - біздің халқымыздың бірлігін сақтау, қорғау», - деді Елбасы.

ҚР Президенті өз сөзінде Қазақстан армиясы заманауи қару-жарақпен жабдықталып, тұрақты оқу-жаттығулар өткізіліп тұратындығын, жауынгерлер мен офицерлері әлеуметтік қолдау қамтамасыз етілгендігін баса айтты. «Бұл - елдің біздің армиямызға қамқорлығы», - деді Елбасы.

Мемлекет Басшысы сондай-ақ, еліміздің Қарулы күштері, Ұлттық қауіпсіздік органдары, ішкі істер, мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық гвардия мен Төтенше жағдайлар министрлігі өздерінің алдына қойылған барлық міндеттер мен тапсырмаларды толықтай орындап отырғанын да айтты.

Айта кетейік, биылғы әскери шеруге Қазақстанның жаңа қорғаныс министрі Серік Ахметов та қатысты. Салтанатты шеру Еліміздің Қарулы Күштері Құрлық әскері Басқолбасшысы Мұрат Майкеевтің жетекшілігімен өтті. 

"Құрметті қазақстандықтар, мен сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз.  Біздің айбынды әскеріміз жасасын, біздің Қазақстанымыз жасасын!", - деді Назарбаев.

Салтанатты шараға екі мыңнан астам әскерилер қатысатын болса, олардың мың жарымын еліміздің Қарулы күш құрылымдарында қызмет ететіндер құрайды. Онда сондай-ақ, 250 дана әскери техника түрлері, 600-ге жуық десанттар мен экипаж мүшелері, 75 дана ұшатын аппараттар қатысты. Шеруге қатысқан бірқатар техника түрлері отандық өндіріс орындарында шығарылған.

.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети