16 наурыз 2016 22:20

Назарбаев павлодарлық дәрігерлерге әзіл айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©  Akorda © Akorda

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін B.B.NURA ЖШС Нефрология және эфферентті терапия орталығында болып, медициналық палаталарды аралап, орталық қызметінің негізгі бағыттарымен танысты. Сонымен қатар Қазақстан Президенті еңбек ұжымы өкілдерімен және облыстың медицина қызметкерлерімен әңгімелесті. Әңгімесінде ол дәрігерлер жайлы әзіл айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әзілді видеодан көре аласыздар.

© Akorda

Нұрсұлтан Назарбаев халықтың тұрмысын жақсарту үшін денсаулық сақтау саласын дамытудың маңыздылығына тоқталды.

"Өткен жылдар ішінде Қазақстанда 1300 денсаулық сақтау нысаны салынды. Соның арқасында 10 жылда өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа дейін ұзарды. Дағдарысқа қарамастан, 1 қаңтардан бастап біз медицина қызметкерлерінің еңбекақысын 28 пайызға көтердік. Бұл орталықтың мемлекет-жекеменшік серіктестігі арқылы салынғаны өте маңызды, мен бұл бағытты қолдаймын. Жұмысқа қажетті жағдай жасалуда, ал дәрігерлер елдің игілігіне қызмет ету үшін өз біліктіліктерін арттыруы тиіс", - деді Мемлекет басшысы.

Мекеме қызметкерлері денсаулық сақтау саласын дамытуға көңіл бөліп отырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты, сондай-ақ таяу уақыттары Қазақстан Президентінің тапсырмасымен салынған жаңа перинатальдық орталықтың ашылуы жоспарланып отырғанын хабарлады. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарға табыс пен бақ-береке тіледі.

Айта кетейік, медициналық мекеме елдегі 25 аппараты бар ірі диализдік орталық болып саналады және бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінен зардап шегіп отырған науқастарға толық нефрологиялық көмек көрсетуге мамандандырылған.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети