14 қазан 2014 16:11

Назарбаев пен Қырғызстан премьер-министрі электр қуатын жеткізу мәселесін талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының премьер-министрі Жоомарт Оторбаевпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының премьер-министрі Жоомарт Оторбаевпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және отын-энергетикалық саласындағы ынтымақтастығы мәселелері сөз болды.

Тараптар Қырғыз Республикасына Қазақстаннан электр энергиясын жеткізу мәселелерін және қазақ-қырғыз Үкіметаралық кеңесінің бесінші отырысы жұмысының нәтижелерін де талқылады.

Бұған дейін Назарбаев пен Атамбаевтың Қырғызстанға электр қуатын тасымалдау жөнінде уағдаласқаны хабарланған болатын. Алмазбек Атамбаев қыста электр қуатынан тапшылық көрмеу үшін қырғыз үкіметі көрші елдерден, соның ішінде, Қазақстаннан энергияның қосымша көлемін сатып алуға мәжбүр екенін хабарлады. "Электр энергиясының өз өнімімізге қарағанда айтарлықтай қымбат болатыны түсінікті. Бірақ қырғызстандықтардың басым көпшілігі жарықсыз, жылусыз, телеарналар мен басқа да тұрмыстық жайлылықтарсыз отырғаннан гөрі импортталатын электр энергиясы үшін ақы төлеуге дайын екеніне сенімдімін", - деген болатын Қырғызстан президенті.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети