14 желтоқсан 2014 20:14

Назарбаев пен Медведев ықпалдастық мәселелерін талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведев. ©akorda.kz Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведев. ©akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының премьер-министрі Дмитрий Медведевпен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының премьер-министрі Дмитрий Медведевпен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында сауда-экономикалық, энергетикалық және көлік-транзит салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары қаралып, интеграциялық құрылымдар аясындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведев өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар туралы да сөз қозғады. Қазақстан Президенті біздің ел мен Ресейдің арасындағы ынтымақтастық толық сенім негізінде дамып жатқанын айтты.

"1 қаңтардан бастап біздің мемлекеттеріміз Еуразиялық экономикалық одақ аясында ықпалдасатын болады. Қазіргі кезде сауданың төмендегені айтылуда, бірақ ол ақшалай мәнге қатысты байқалып отыр, ал ынтымақтастықтың нақты көлемі өсіп, бірлескен кәсіпорындар дамып келеді. Баға конъюнктурасы жақсарған кезде көрсеткіштер де жақсы жағына қарай өзгеретін болады. Ортақ кедендік шекара, адамдар мен жүктердің еркін қозғалысы елдеріміз үшін зор игілік болып саналады", – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Медведевтің осы сапары Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығын одан әрі дамытуға септігін тигізетіндігіне сенім білдірді. Ресей премьер-министрі екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың деңгейі өсіп келе жатқанына тоқталды. "Біз - шынымен де өте жақын серіктестерміз. Біздің алдымызда бастауында Сіз тұрған өте салиқалы интеграциялық жоба бар. Еуразиялық экономикалық одақтың келесі жылдан бастап жұмыс істейтіні өте маңызды. Осы сәтті пайдалана отырып, Сізді және достас Қазақстан халқын келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіз", – деді Медведев.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети