08 ақпан 2016 15:47

Назарбаев пен Школьник Қашаған кенішін іске қосу мәселесін талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda.kz © Akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев энергетика министрі Владимир Школьникті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев энергетика министрі Владимир Школьникті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Школьник мемлекет басшысына мұнай-газ секторындағы және электр энергетикасы, қоршаған ортаны қорғау, атом салаларындағы ахуал мен министрліктің басқа да бағыттағы жұмыстары туралы баяндады.

Сонымен қатар, көмірсутек шикізаты бағасының төмендігіне байланысты туындаған дағдарысты еңсеру жөнінде министрлік пен Үкімет қабылдап жатқан шаралар да қарастырылды.

Мемлекет басшысы энергетика саласындағы барлық перспективалы жобаны, соның ішінде Қашаған кенішін іске қосу, Теңіз кенішін кеңейту, Қарашығанақ кенішін кеңейтудің екінші кезеңі сияқты жобаларды жүзеге асыру қажеттігіне назар аударды.

Энергетика министрі мұнай өндірісін 77 миллион тоннаға дейін төмендету жөнінде биылғы жылға қарастырылып отырған көлемді кейін Қашаған кенішін іске қосу есебінен толтыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

"Мұнай бағасының төмендігі барлық компанияларды өз бюджетін қысқарту мақсатымен қайта қарауға, өнімнің өзіндік құнын азайтумен айналысуға мәжбүрледі. Әлемнің барлық еліндегі сияқты үнемдеу режімі енгізілді, бірақ елдің мұнай-газ секторындағы жұмысшыларды босатуға жол берілген жоқ", - деді Владимир Школьник.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети