31 мамыр 2014 16:48

Назарбаев Порошенконы президент болып сайлануымен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. REUTERS Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. REUTERS

"Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Петр Порошенкоға Украиа президенті болып сайлануына орай құттықтау телеграммасын жіберді", - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап. Қазақстан президенті "Сайлау қорытындысы Порошенконың өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге, ішкі саясаттағы тұрақтылыққа және қоғамды біріктіруге бағытталған сайлауалды бағдарламасының қолдау тапқанын көрсетті" деп атап өтті.

"Нұрсұлтан Назарбаев Петр Порошенкоға жауапты қызметте жеңістер тілей отырып, бауырлас украин халқына бейбітшілік, тұрақтылық және өркендеуді тіледі" делінген Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарламасында. Бұған дейін Қазақстан СІМ болып өткен сайлаудың барлық аймақтар мен күштердің мүддесін ескеріп, келіссөздердің жүргізілуіне ықпал ететініне және Украинада бейбітшілік пен келісімді нығайтатынына сеніммен қарайтынын жеткізген болатын.

Естеріңізге сала кетсек, 25 мамырда өткен президенттік сайлауда 54,7 пайыз дауыс жинаған Петр Порошенко жеңіске жеткен болатын. Бұл - 29 мамырдағы 100 пайыз бюллетеньдер санау қорытындысы бойынша жасалған мәлімет. Алматы мен Астана қалаларында дауыс бегендердің көпшілігі Петр Порошенконы қолдаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети