14 мамыр 2015 11:48

Назарбаев премьер-министр Мәсімовті қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Елбасы премьер-министр Кәрім Мәсімовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Елбасы премьер-министр Кәрім Мәсімовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мәсімов Қазақстан Президентіне негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, маңызды мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның қазіргі қызметі туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев комиссияның белсенді әрі тиімді жұмыс істегені маңызды екенін атап өтті. "Комиссия өзіне тапсырылған міндеттерді тезірек орындауға кіріскені жөн. Заңнамалық өзгерістер жобасының бір бөлігін Парламенттің қыркүйектегі сессиясына дейін әзірлеуі керек, бұл алға қойылған міндеттерді уақытында жүзеге асыруға оң ықпал етеді", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті көктемгі егіс жұмыстарын сапалы атқару ісіне атсалысу, елдің әрі қарай индустриялық-инновациялық дамуын, сондай-ақ оның негізгі экономикалық көрсеткіштерінің орнықтылығын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети