20 сәуір 2016 16:16

Назарбаев Сағидолла Құбашевтың қазасына байланысты көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сағидолла Құбашев Сағидолла Құбашев

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет және қоғам қайраткері Сағидолла Құбашевтың қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Сағидолла Құбашевтың ұзақ жыл түрлі мемлекеттік органдарда қызмет істеп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосқанына тоқталып өтті. Атап айтқанда, ол бірнеше облыстық атқару комитеттерінің төрағасы, Гурьев және Семей облыстық партия комитеттерінің бірінші хатшысы, Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің екінші хатшысы қызметтерін атқарып, басқару жұмыстарында шыңдалды.

"Ол Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, жас буынды тәрбиелеуге көп еңбек сіңірді. Сағидолла Құбашевтың жемісті қызметі жоғары марапаттармен атап өтілді", - делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Сағидолла Құбашевтың жарқын бейнесі әрдайым қазақстандықтардың жүрегінде сақталатынын айтты.

Еске салайық, Сағидолла Құбашев 19 сәуірде кешкі уақытта 90 жасында қайтыс болды. Ол Алматыдағы өз пәтерінде дүниеден озды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети