03 шілде 2016 20:50

Назарбаев Салидат Қайырбекованың қазасына байланысты көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы мемлекет қайраткері, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың қайтыс болуына байланысты марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
 
Нұрсұлтан Назарбаев белгілі мемлекет қайраткері Салидат Қайырбекованың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты ауыр қайғыға ортақтаса отырып, оның жақындары мен туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін реформалау ісіне Қайырбекованың зор үлес қосқанын атап өтті.

"Салидат Қайырбекова өз елінің жоғары білікті маманы әрі лайықты азаматы ретінде қарапайым дәрігерден бастап, денсаулық сақтау министрі лауазымына дейін үлкен еңбек жолынан өтті. Терең білімі мен бай тәжірибесінің арқасында халыққа заманауи талаптарға сай медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру ісіне қомақты үлес қосып, тарихта із қалдырды. Егер ауыр науқасы болмаса, ол Отанымыздың игілігі үшін әлі көп нәрсе жасар еді", – делінген жеделхатта.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтар Қайырбекованың есімі мен еңбегін ұмытпайтынын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети