02 шілде 2015 17:00

Назарбаев шенеуніктерден ақшаны оңды-солды шашпауды талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шенеуніктерден ақшаны оңды-солды шашпауды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Қазақстан Президентінің қатысуымен жалпыұлттық телекөпір өтіп жатыр: индустриализацияның екінші бесжылдығы және экономикалық өсім. Телекөпір "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы мен елдің индустриалдық-инновациялық дамуының жүзеге асырылуына арналып отыр.


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шенеуніктерден ақшаны оңды-солды шашпауды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Қазақстан Президентінің қатысуымен жалпыұлттық телекөпір өтіп жатыр: индустриализацияның екінші бесжылдығы және экономикалық өсім. Телекөпір "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы мен елдің индустриалдық-инновациялық дамуының жүзеге асырылуына арналып отыр.

Президент тұрғын үй құрылыс бойынша бағдарламаларды жүзеге асыру барысында барлық жерде ұлттық қордың қаражатының қолданылып жатқанын еске сақтау керек екенін тағы да бір рет ескертті. "Бұл қаражатты шығындауға бақылау қажет. Әлеуметтік бөлім бойынша келіскеніміздей, басталған жұмысты соғып бітіреміз. Жаңасын соғуды бастамаймыз. Апаттық нысандарды ретке келтіреміз", - деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев үкімет мүшелері мен өңір әкімдерін қатаң экономикаға шақырды. "Басқа кезеңдер келеді, сол кезде басқаша әрекет етеміз. Сондықтан бізде бірнеше жоспар бар: А, Б, В жоспарлары. Ал қазір бізді жағдай қысып отыр. Біздің экспорттағы тауарларымыздың, әсіресе шикізаттің арзандауы және біздің саудамызға әсер ететін басқа мәселелер бізді үнемдеуге мәжбүрлейді. Мұны барлығы есте ұстауы керек. Мемлекеттік қаражатты, ұлттық қордың қаражатын бөтен ақша секілді жаратуға рұқсат жоқ", - деді Мемлекет басшысы ақшаны шығындауды бақылап отырған комиссияның жұмыс істеп жатқанын ескертіп.

Әлеуметтік нысандардың құрылысы жайында сөйлеген Мемлекет басшысы балабақшаларға тоқталды. "Барлық облыстарда жеке компанияларды тартуға тырысып көру керек. Олардың бұл істі жақсы істейтінін біз білеміз. Салынып жатқан үйлерге балабақшаларды кіргізу керек екенін талқылағанбыз. Біз соғып үйреніп қалған бассейні бар, ботаникалық бақшасы бар сияқты сарайлар емес. Жетер. Осы үйлерде балалар бола алатындай 100-500 шаршы метрлік қарапайым бақшалар салу керек", - деп мәлімдеді Назарбаев.

"Бөтен ақша секілді оңды-солды шашамыз. Ал, бақыла. Сенің министрлігің экономикалық, экономикалық даму министрлігі деп аталады. Бұл дегенің барлық салада үнемдеу керек деген сөз", - деді Президент ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевқа, - Біз осы жылдары Қазақстан тарихында болмаған мыңдаған білім беру, медициналық мекемелерді салдық. Оларды мінсіз етейік, олар толықтай жабдықталмаған. Ары қарай қозғала береміз. Жүз жыл өмір сүрдік, тағы да сүреміз".

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети